Erbol Seilkhan ютуб арнасының кезекті қонағы - қоғам қайраткері, экономист, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Жақсыбек Құлекеев.
Конституцияны асығыс қабылдап жатқан жоқпыз ба? Ата заңды өзгерту тек Қазақстанға тән құбылыс па? Әлемдегі жағдай қандай? 1993 жылғы Конституция елді неліктен дау-дамайдың ортасында қалдырды? Тарихтан сабақ алдық па? Ата заңның жаңа жобасы президентке шексіз билік беріп қойған жоқ па? Жер мен тіл тағдыры. Қалаларға ерекше мәртебе беру мен референдумға жұмсалған ақша. Ел көкейінде жүрген біраз сұрақтарға жауап алдық.