Мәдениет

«Билеу үшін жазбаймын!»: Композитор Бауыржан Ақтай туындысын әлем чемпионатында пайдаланған гимнастшыларға шүйлікті

00:10, 26 тамыз 2025 35

Композитор Бауыржан Ақтай қазақстандық гимнастшы қыздарға өкпелі. Ол өзінің «Алаштың аманаты» шығармасын спортшылар Рио-де-Жанейродағы гимнастикадан өткен әлем чемпионатында рұқсатсыз пайдаланды, деп айыптап отыр. Сазгер ұлттық құраманың жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаеваға хабарласып, өзінің наразылығын білдірген, деп жазады bairaqmedia.kz

«Шығармамды рұқсатсыз пайдаландыңыздар. Менің музыкамнан да басқа музыкалар толып жатыр емес пе? Соларды пайдалансаңыз болады. Мен әндерімді би қою үшін жазбаймын»,- деген Бауыржан Ақтай.

Меруерт Балғынбаева жаттықтырушы болып қызмет етіп жүрген 22 жылда мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отырғанын айтты.

«Біз жылдар бойы түрлі ұлттың түрлі жанрдағы музыкасын пайдаланып келеміз. Осы жолы өзіміздің қазақтың туындысын таңдағымыз келді. Мен бұл музыканы елімізді әлемдік аренада насихаттау және Қазақ елін таныту үшін таңдадым. Өкінішті... Біз сіздің музыкаңызды енді пайдаланбаймыз, оны міндетті түрде өзгертеміз»,-деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз