Қоғам

«Бетім күйіп тұрғандай»: 28 жастағы әйел жүктілік кезінде ондаған жылға қартайып кетті

11:53, 14 тамыз 2025 163

Малайзияда тұратын 28 жастағы Фара Файзалдың жүктілігі күтпеген күйзеліспен өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Екінші триместрде оның беті қышып, қызарып, бөртіп, күн санап әжім баса бастады. Айнаға қараған сайын өз бейнесін тани алмай, жасы қырықтан асқандай көрінгенін айтады.

«Әр таң сайын жаңа бөртпелер пайда болатын. Бетім күйіп тұрғандай ауыратын. Ешқандай күтім көмектеспеді», – дейді ол.

Бұл ауыр кезең босанғаннан кейін біртіндеп артта қалды. Уақыт өте келе бетінің жағдайы жақсарып, бұрынғы қалпына келе бастады. Дәрігерлер бұл өзгерістерді жүктілік кезіндегі гормондық және иммундық жүйенің күрт өзгеруімен байланыстырады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз