Абай облысы Үржар ауданындағы жол апатынан қаза тапқан үш баланы туғандары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Жетінші телеарнаның хабарлауынша, бір үйдің екі қызын Жарма ауданының Жалғызтөбе ауылында жер қойына тапсырса, екі жарым жастағы ұл баланы Елтай ауылында жерледі. Қаралы жиынға туған-туыс, ауылдастары және әкімдік өкілдері қатысты. Бірақ дәл осы сәтте анасы кенжесімен қоштаса алмады.
Оқыс оқиғадан аман қалған екі баласының қасында – Астанада болды. Олардың жағдайы қалыпты деп бағалағанымен, жансақтау бөлімінде жатыр.
Ал туған сіңілілерінен айырылған тағы бір тоғыз жастағы бала аудандық ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы әзірге еш өзгеріссіз екенін айтуда.