Қоғам

«Берденов келініме лайк басумен шектелмеген, басқа да әрекеттері бар» - Ернар Жиембайды әкесі

14:25, 20 тамыз 2025 66

Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Піралиев журналистерге сұхбат беріп, келінінің абыройы үшін көп фактілерді жасырып қалғанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Менің келінім өсіп-өнген жердің қызы. Соған лайк басқан. Тағы да басқа әрекеттері бар. Оның бәрін балам ішіне жұтып кетті. Отбасын сақтап қалу үшін. Сіздер оны жала жапты деп ойламаңыздар. Ол болған нәрсе. Одан кейін өзі (Берденов) депутат болып келген мемлекеттік саяси лауазым иесі. Сөйлеген сөздерін көріп отырсыздар. “Сен” деп сөйлейді. “Сен” деп сөйлеудің өзі қателік. Келе салып: “Мен әкім болып келдім”, “Сен не білмейсің бе?”, “Неге алдыма келмейсің?” – деген балама. Одан бөлек: “Сенің шашың түсіп қалған, үстіңде не киім?” – деп намысына тиген».

«Келініміздің жан-дүниесін қинамайық дедік. Сол себепті балама бірнеше рет: “Келін туралы айтпай-ақ қойшы, 25 жыл болса да алып кете берші”, – деп өтініш жасадым. Көп нәрселер айтылмай қалды. Тек лайк басумен шектелдік.

Одан кейін сот барысында дәлелденген фактілер ақпарат құралдарында айтылмады. Білдей бір мемлекеттің саяси қызметкері құрылыс басқармасының басшысына шақырып алып: “Сен Ернарға айт, тез арада кетпесе, істі болады. Қаматамын”, – деудің өзі сенсация ғой ақпарат құралдары үшін. Соттағы ақпараттың 50 проценті ғана ақпарат құралдарында жарияланды», - дейді ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз