Мәдениет

Белгілі кинорежиссер Сламбек Тәуекел өмірден өтті

09:30, 06 шілде 2025 18

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті кинорежиссер, сценарист әрі продюсер - Сламбек Тәуекел 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ұлттық кино, өнер мен мәдениеттің дамуына тер төккен тұлға артында өшпес із қалдырды.

Ол «Жоғалған өлке», «Наурыз», «Батыр Баян», «Асанәлі», «Сәтбаев», «Бір бала», «Махамбет» сияқты бірқатар деректі және көркем фильмдердің режиссері. Бүгінде танымал актерлердің қалыптасуына тер төккен тұлға. Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарып, жас мамандардың тәрбиесіне де зор үлес қосты. Ардақты азаматтың ғибратты ғұмыры халқының жадында мәңгілік сақталады,- дейді өнердегі әріптестері.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз