Қоғам

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп көз жұмды

21:28, 22 мамыр 2025 50

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп көз жұмды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Мамырдың басында Диас Ахметшәріптің инсульт алып, комаға түскені белгілі болған еді. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған болатын. Журналист бұл өңірге іссапармен барған екен. 

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі;

«Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;

2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;

2010 - 2012 жж.– «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);

2012-2013 жж. - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.

Ал, коронавирус пандемиясы тұсында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарды.

2023 жылы Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалған.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз