Қоғам

Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер-министрдің өзі жауап берді

14:57, 15 шілде 2025 28

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов  ел ішінде жиі айтылып жүрген алып-қашпа әңгімеге өзі нүкте қойды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бүгін Астанада журналистерге ашық сұхбат берген Үкімет басшысына: «Сіздің Әділбек Жақсыбековке күйеу бала екеніңіз рас па?» деген сұрақ қойылды. Алғашында баспасөз мәслихатының модераторы: "бұл адамның жеке басына қатысты сұрақ " дей бастағаны сол еді, Бектенов қойылған сауалға жауап беруге бекінді. 

 «Бұл мәлімет шындыққа сай емес. Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін. Мен - қарапайым қатардағы отбасының күйеу баласымын. Ал қай отбасыға күйеу бала екенім – жеке мәлімет, оны жариялауды қажет деп санамаймын. Сіз атаған ақпарат – жалған», - деді премьер-министр.

Айта кетейік, Әділбек Жақсыбеков – Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі, бірінші президенттің тұсында оның әкімшілігін басқарды. Астана қаласының әкімі болды, Қорғаныс министрі қызметін де атқарды.

 
 
 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз