Спорт

«Базарда сауда жасап жүрмін» - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл (ВИДЕО)

13:18, 02 шілде 2025 69

Зілтемірші, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында қазір немен айналысып жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы қазір Шымкент қаласында сауда жасап жүргенін мәлім етті.

«Базарда сауда жасаймын. Ол жерде өзімнің адамдарым тұрады. Арасында өзім де барамын. Ашып алып, кетіп қалу деген жоқ қой. Басы-қасында жүріп, қарап жүруің керексің. Барлық тауарды өзім тапсырыс беремін.

Спортшы сатып алушылар келгенде танып, «Сен базарға шығып кеттің бе?» деп таңданыспен сұрайтынын жасырмады.

«Онда тұрған не бар?! Мен біреудің тамағын немесе жұмысын тартып алыппын ба? Ішіп кетсем «мал болып кетті» деп айтады. Осындай жұмыс істеп жатсаң «мынадай» деп айтасыңдар. Оларға түзу сөйлеп үйреніңіздерші деймін.  Кейбір адамдар «дұрыс, жарайсың, сауда да береке бар» дейді. Менталитетіміз дұрыс емес сияқты. Ішіп-шегіп жүргенше, спортпен немесе бизнеспен айналысқан дұрыс», - дейді спортшы.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз