Белгілі продюсер Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекованың жазбасына жауап беріп, бұрынғы шәкіртіне қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Продюсер кезінде Мөлдір Әуелбекованы үздік шәкірттерінің бірі санағанын және оның шығармашылық жолына өзгелерге қарағанда көбірек күш салғанын айтты. Алайда Баян Мақсатқызының кейінгі сөзі көпшіліктің назарын аударды.
«Сен менің үздік шәкіртім болдың! Мен саған басқа қыздарға қарағанда көбірек күш салып, барымды бердім. Бірақ Құдай бәріне ұят таратқанда сені ұмытып кеткен сияқты», – деді Баян Мақсатқызы.
Осылайша продюсер бұрынғы шәкіртінің жазбасын жауапсыз қалдырмай, оған ашық түрде ренішін білдірді.
Айта кетейік, Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекова кезінде бірге жұмыс істеген. Әнші продюсер жетекшілік еткен KeshYOU тобының құрамында өнер көрсеткен. Қазір олардың арасындағы әлеуметтік желідегі пікір алмасу шоу-бизнес аудиториясының қызу талқысына түсіп отыр.