Нұрлан Нығматулиннің ұлы әзірге күдікті деп танылмаған. Бас прокуратура арыздың қаралап жатқанын айтты. Шешім де соның қорытындысы бойынша қабылданады деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұның алдында Ішкі істер министрлігі Нұржан Нұрланов қатысы бар істі тергеп жатқанын айтқан. Қылмыстық іс 389, яғни "Өзінше билік ету" бабы бойынша қозғалыпты. Еске салсақ, Нығматулиндердің үлкені, яғни экс-спикердің зейнет жасындағы ағасы Арғын Нығматулин Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлген қаржыны жымқырды деп күдікке ілінген болатын. Алайда ол елден кетіп үлгерген. Үшінші наурызда Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланды. Ал Нұржан Нұрлановқа қатысты істің мән-жайын Ішкі істер министрлігі ашып айтқан жоқ. Әзірге белгілісі - Қылмыстық кодекстің 389-шы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.