Қоғам

Бас прокуратура Ербаян Мұхтар ісін егжей-тегжей қайта қарауға кірісті — Инга Иманбай

16:11, 01 желтоқсан 2025 44

Адвокат Инга Иманбай Ербаян Мұхтарға қатысты қылмыстық істегі соңғы жаңалықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Адвокаттың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Бас прокуратура әскердегі әлімжеттікке қатысты барлық қылмыстық істерді тексеруді бастаған. Осыған байланысты бүгін Ербаян Мұхтардың заңды өкілі ретінде Бас прокуратураның бірінші қызметінің орынбасары Тимур Қырылдақов азаматтың қабылдауында болған.

Инга Иманбайдың сөзінше, кездесуде олардың ұстанымы тыңдалып, ендігі кезекте Бас прокуратура Ербаянға қатысты істі жан-жақты тексеретіні, сондай-ақ тараптармен тұрақты байланыста болатыны айтылған. Прокуратура өкілдері бұл істе объективті әрі әділ шешім шығару үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын жеткізген.

«Ендігі үміт Ербаянның ісінде Бас прокурор Асыловтың әділ шешіміне байланысты болып тұр. Біз бүгін бір жарым жыл ішінде Ербаянға қатысты қылмыстық іс бойынша қандай сараптамалар жүргізілгенін, қандай дәлелдер бар екенін толық жеткіздік», — деді адвокат.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз