«Барыс» қатарынан 11-ойында ұтылды

Редактор
20.01.2025, 16:04
«Барыс» қатарынан 11-ойында ұтылды
Қазір елордалық клуб өз дивизионында соңғы орында келеді

Астананың «Барыс» хоккей командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы өз алаңындағы матчта Ярославльдің «Локомотивімен» кездесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ойын барысында бірінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Ал екінші кезеңде қонақтар жауапсыз 3 шайба соқты. Соңғы кезең де құрғақ есеппен өтіп, ойын 0:3 есебімен аяқталды. Сөйтіп, қазақстандық клуб қатарынан 11-ші матчта ұтылып отыр.

Енді «Барыс» 23 қаңтарда өз алаңында Владивостоктың «Адмирал» командасын қабылдайды.

Айта кетейік, астаналық клуб ҚХЛ-да 48 ойыннан кейін 25 ұпаймен Чернышев дивизионында соңғы орында келеді.