Аймақ

Бақытгүл Хаменова тойда жүр: Комитет түсініктеме берді

10:26, 29 қазан 2025 45

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменова Атырауда тойға барған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, Бақытгүл Хаменова пробация қызметінің бақылауында.

"Бақытгүл Хаменова Атырау қаласының №2 сотының заңды күшіне енген үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Баласы барын ескеріп, сот Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігін қолданды, жазаны өтеуді үш жылға кейінге қалдырды", - деді ҚАЖК өкілі.

Десек те, комитет ақпаратына сүйенсек, "сот мәдени-бұқаралық немесе өзге де қоғамдық іс-шараларға қатысуға қатысты шектеулер белгілемеген".

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз