Шоу-бизнес әлемі

«Дуалап алды»: Танымал актер ата-анасының қарсылығына қарамастан өзінен 8 жас үлкен әйелге үйленгенін айтты

13:13, 29 қазан 2025 63

Актриса Жанель Мақажанның жұбайы, актер Абай Асылхан журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сырын ашты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Жанель ханым менен 8 жас үлкен. Мен Жанельді басынан араласқан кезден оның бірінші отбасы болғанын, одан екі баласы бар екенін білдім. Мен ол кезде студентпін, менің ешқандай ойым болған жоқ. Кейін бір жобаны бірге бастаған кезде оған деген жылулық пайда болды», дейді ол.

Оның айтуынша, Жанель Мақажанға үйленуге нақты шешім қабылдаған кезде ата-анасы мүлдем қарсы болған. 

«Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайынның сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Сөйтіп біз көп сынақтардан өттік. Қазақстанның өзі екіге бөлініп кетті. «Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды, тележкасы бар қатынды қайтесің», деген сөздер көп айтылды дейді Абай Асылхан.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз