АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Ақордаға келді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған дейін АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келгені туралы хабарлаған едік.
Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.