Шоу-бизнес әлемі

«Бұл не үшін атақ алды»: Танымал әнші Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15:40, 28 қазан 2025 56

Жақында Халық әртісі атанған Тамара Асар instagram-дағы парақшасында өзіне берілген марапатқа шүйліккендерге жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол «Қазақстанның Халық әртісі» атағына 25 жылдық еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген.

"Сынақтан кейін, СЫЙ алған күн… Алланың бұйыртқаны осылай екен. Бергенін жақсылығымен, қайырымен берсін. Ардақты АҒАЙЫН! Мені “Қазақстанның Халық әртісі” марапатыммен құттықтап жатқан қалың ел ҚАЗАҒЫМА бас идім. Құттықтаған жандардың әрқайсысының кеудесінде осындай алтын жұлдыз жарқырасын, - деді "Халық әртісі". 

Сондай-ақ ол бұл атаққа лайық екенін айтты. 

“Бұл қалай алды,не үшін алды?” - деген оймен, оған жақ пен тілге жағымсыз сөз қосқан жандар да менің сүйікті көрерменім.
Оларға түсіндіре кетейін: Мен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында қызмет етіп келе жатқаныма 25 жыл.
Маңғыстаудың тышқан мұрны қанатқан бір мерекесінен қалып көрмедім. Берілетін мемелекеттік айлыққа қанағат етіп, барлық шарасына шақырса да, шақырмаса да өзім барып, әлі күнге қатысамын. Жаңа костюм, жаңа репертуар барлығын бұлжытпай орындауға тырысамын. Маған туған жерім риза! Шүкір", - деп жазды Тамара Асар. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз