Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов Өскеменде 26 қазанда өтуі тиіс болған концерті кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады bairaqmedia.kz.
Өнер иесінің айтуынша, жоспарланған шара денсаулығына байланысты өтпей қалған.
«Өскемен қаласындағы көрермендеріме түсіністік танытқандарыңыз үшін үлкен рақмет! Денсаулығыма байланысты концерт кейінге қалды. Сіздерді 28 қарашада күтетін боламын. Мың алғыс! Аман болайық!», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында.