ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Сондай-ақ Ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі бойынша іс тіркелді.
Соттың санкциясымен аталған тұлғалар қамауда отыр.
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.