Аймақ

Ақтөбе облысында өгей атасынан жүкті болған қыздың әжесі қайтыс болды

12:38, 28 қазан 2025 70

Ақтөбе–Ойыл тас жолының 147-ші шақырымында Lada Granta көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан көлікте болған жолаушы – 51 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

Дереккөздердің хабарлауынша, марқұм —  өгей атасынан жүкті болып қалды делінген 9-сынып оқушысының әжесі болған. Ал жүргізушінің 9 жастағы қызы ауыр жарақат алып, қазіргі таңда ауыр халде жатыр. Оған санавиация жіберілген.

Жүргізушінің өзі де жарақат алған, бірақ аман. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, жақында Ойыл ауданындағы мектептердің бірінде 9 сыныпта оқитын қыздың жүкті болғаны анықталды. Жасөспірім аман-есен босанған,қазір Ақтөбеде дәрігерлердің бақылауында. Бұл іске қатысты жеткіншектің өгей атасы қамауға алынды.  

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз