Қоғам

Банктен 31 млн теңге жымқырған әйел Ресейден елге қайтарылды

09:43, 20 маусым 2025 14

Бас прокуратура аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемденген күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Тергеу мәліметінше, 2015–2017 жылдары Астана қаласындағы банктердің бірінің филиалында жетекші менеджер қызметін атқарған әйел 31 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп, талан-таражға салған. Қылмыс жасағаннан кейін ол ізін суытып, жасырынып кеткен. Осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған болатын.

2024 жылдың маусымында күдікті Мәскеуде ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету») бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеумен қатар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз