Бақытгүл Хаменова жазасын түрмеде өтемейтін болды

Редактор
17.03.2026, 16:54
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz
2022 жылы Хаменова пара алғаны үшін жеті жылға сотталған болатын.

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың түрме жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды, деп хабарлайды Ақжайық.

Басылымның хабарлауынша, Бақытгүл Хаменованың үш жылға берілген жазаны өтеу мерзімінің кейінге қалдырылуы 10 наурызда аяқталған еді.

Атырау қаласының №2 соты 16 наурызда пробация қызметінің ұсынысын қарады. 

Сотта хабарланғандай, осы уақыт ішінде Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзбаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған және бала тәрбиелеу міндетін орындаған. 

Осыған байланысты сот ұсынысты қанағаттандырып, өтелмеген жазаны 7 жылға бостандығын шектеп, сол мерзімге пробациялық бақылаумен алмастырды.