Қоғам

«Байып қалғысы келеді»: Блогер Жанабыловқа қатысты тексеріс басталды

09:22, 24 тамыз 2025 119

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, көпшіліктің наразылығынан кейін құзырлы органдар олардың соңғы өткізген ірі ұтысының заңдылығын қарастырып жатыр. Адвокат істі қай мекеме тексеріп жатқанын нақтыламады.

«Ел әбден мезі болған ұтысты өткізу үшін курстарын сатып, байып қалғысы келеді. Бірақ жұрт болып қарсы тұрдық. Арнайы комитет жуырда блогерлерге ескерту жібереді. Егер ол орындалмаса, 1 млн теңге айыппұл салынып, қайталанса қылмыстық іс қозғалады», – деді Орынбеков.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз