Белгілі продюсер Бағым Мұхитденова Димаш Құдайбергенді не үшін сынағанына жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бағым Мұхитденова журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, бірнеше жылдан бері қызу пікірталасқа себепкер болған сұраққа жауап берді.
«Негізі мен сол әнде шыңғырудың керегі жоқ деп айтқан болатынмын. Алайда сол жерін қиып алып, Димашқа жоғары нотамен ән салуға тыйым салғандай болып көрсетті», - дейді музыкалық продюсер.