Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді, – делінген хабарламада.