Қоғам

Атып өлтірілген киіктің еті харам: Діни басқарма мәлімдеме жасады

09:00, 11 шілде 2025 19

Киікті атеист-аңшы аулап өлтірсе, оның еті харам (халал емес) болып саналады, деп жазады  Buzyq телеграм арнасы.

Елімізде киік саны тым көбейіп кетті. Бір кездері Saiga tatarica түбегейлі жойылып кете жаздаған. Алайда Қазақстан бұл аңды аулауға тыйым салып, аман алып қалды. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, киіктер саны 3,9 миллионға жетті. Енді жаңа проблема туындады – киіктер Ұлы Даламызға сыймай, егін мен жайылымдарды таптай бастады. Фермерлерді аяп үкімет ақыры 1 шілдеден бастап киіктерді атып, етін ет комбинаттарға өткізе бастады.

Бұл етті мұсылмандарға жеуге болатынын немесе болмайтынын ҚМДБ өкілі төмендегідей түсіндірді. 

"Жеуге болады. Бірақ киікті атқан кісі мұсылман не христиан, не иудей болуы керек. Пұтқа, отқа табынса немесе атеист болса – ет арам болып есептеледі. Сонымен қатар, аң аулаушы оқ атар алдында "Бисмилляһ" сөзін айтуы тиіс", деп түсіндірді ҚМДБ (ДУМК) өкілі. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз