Алматыға қала күніне орай атақты әлемдік бойзбэнд Backstreet Boys тобы жанкүйерлерімен жүздесіп, әуезді ән сыйлап, алматылықтарды мерекемен құттықтайды. Бұл жайында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері мен еліміздегі айтулы іс-шара ұйымдастырушылары баспасөз мәслихатында мәлімдеді, – деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әлемге әйгілі Дженнифер Лопестің ғажайып кешінің ізін ала, Алматыда тағы бір тарихи сәт орын алады. Қала күніне орай
«Қала күні мерекесінде алматылықтар мен қонақтарға арнап мазмұнды мәдени бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Тұрғындар мен туристер түрлі қызықты жобаларға, фестивальдер, жәрмеңкелер мен мерекелік іс-шараларға куә болады. Ал Backstreet Boys концертіне келсек, ол 19 қыркүйек күні Орталық стадионда өтеді. Бұл олардың әлемдік гастролінің жалғасы емес, арнайы қазақ жеріндегі тыңдармандарына арналған жеке кеш болмақ. Жалпы аташты топ ТМД елдерінде концерт беруді жоспарламайды, сондықтан бұл нағыз эксклюзив кеш», – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Арман Халбеков.
Кеш барысында топтың I Want It That Way, Everybody (Backstreet’s Back), As Long As You Love Me, Show Me The Meaning of Being Lonely, Shape of My Heart сынды атақты хиттері және соңғы шыққан туындылары шырқалмақ. Концертке билеттер бағасы 40 мың теңгеден басталатын болады. Билеттерді 14 шілде сағат 11:00-ден бастап сатып алу мүмкіндігі бар.
Ұйымдастырушылар шоу сапасының жоғары болуына әрі қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді болуына баса мән берген. Билет бағасы көпшіліктің осы тарихи кешке куә болуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 50 Cent, Akon, Lara Fabian, Nicole Scherzinger, Ne-Yo, Tarkan, Arash, Blue, C.C. Catch, Jason Derulo, Scorpions сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен болатын.
2025 жылдың соңына дейін қалада Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys-пен қатар, Thirty Seconds to Mars, The Rasmus, Sabaton секілді әйгілі топтардың кештері де өтеді деп жоспарланып отыр.