Қазақ кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевтің үйінде өткен ауызашарға қатысып, марқұм жұбайын еске алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол Асекеңмен бірге өткізген 23 жыл 1 ай 3 күнін өміріндегі ең бақытты кезең деп атап, бұл уақыттың өзіне қалған ғұмырына азық болғанын айтты.
Сағынышының әлі басылмағанын жеткізген Бағдат Әшімова марқұмның әруағы алдында қызмет ететінін, артында қалған мұрасын көздің қарашығындай сақтайтынын жеткізді.
Сондай-ақ ол ауызашарға шақырған Сәкен Майғазиевке алғыс айтып, ақ батасын берді.