Азия ойындары: хоккейден қыздар құрамасы қарсыласын ойсырата жеңді

Редактор
04.02.2025, 02:19
Азия ойындары: хоккейден қыздар құрамасы қарсыласын ойсырата жеңді
Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпанда мәресіне жетеді

Шайбалы хоккейден қыздар құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қазақстандық  спортшылар топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконг командасымен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті.

Келесі ойын ертең Астана уақытымен 16:30-да Таиландқа қарсы өтеді.

Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпанда мәресіне жетеді.