Қазақстан құрамасы Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына 558 спортшыны аттандырады. Ел намысын қорғайтын атлеттер 35 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
19 қыркүйекте Жапонияда XX жазғы Азия ойындары басталады. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты Нагоя қаласында өтеді.
Қазақстан құрамасы жарыс бағдарламасына енген 43 спорт түрінің 35-і бойынша бақ сынайды. Ұлттық құрама сапына барлығы 558 спортшы енгізілген.
Азия ойындарында қазақстандық атлеттер құрлықтың үздік спортшыларымен бәсекеге түсіп, ел қоржынына жүлде салуға тырысады.
Айта кетейік, Азия ойындары – құрлық елдерінің спортшылары қатысатын ірі кешенді халықаралық жарыстардың бірі.