$ 482.33
 557.57
 5.74

Азия чемпионатына қатысатын боксшыларымыздың тізімі белгілі болды

Редактор
26.03.2026, 10:16
Фото: sports.kz - 26
Фото: sports.kz - 26
Азия чемпионаты 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді.

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, құрлықтық біріншілікте ел намысын төмендегі боксшылар қорғайды: 

Ерлер 

50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай 

55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан 

60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов 

65 келіге дейін: Ертуған Зейнуллинов 

70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан 

75 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов 

80 келіге дейін: Ерасыл Жақпеков 

85 келіге дейін: Нұрбек Оралбай 

90 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай 

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай 

Әйелдер 

48 келіге дейін: Әйгерім Сәттібаева 

51 келіге дейін: Жазира Орақбаева 

54 келіге дейін: Элина Базарова 

57 келіге дейін: Ұлжан Сәрсенбек 

60 келіге дейін: Римма Волосенко 

65 келіге дейін: Лаура Есенкелді 

70 келіге дейін: Бақыт Сейдіш 

75 келіге дейін: Валентина Хальзова 

80 келіге дейін: Надежда Рябец 

80 келіден жоғары: Дина Исламбекова 

Айта кетейік, Азия чемпионаты 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді..