YouTube

Әзербайжан мен Ресей шиеленісі:Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

10:00, 27 шілде 2025 114

Журналист Ербол Сейілханның YouTube арнасында қонақта - халықаралық сарапшы Нұрболат Нышанбай. Сұхбатта Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленістің ушығуы және оның өңірге тигізуі мүмкін салдары сөз болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Сарапшының айтуынша, қазіргі таңда Әзербайжан мен Ресей арасындағы «соғыс» негізінен медиакеңістікте жүріп жатыр: ақпараттық шабуылдар мен дипломатиялық мәлімдемелер.

Украинаны қолдау – Ресеймен жаңа текетірестің бастауы ма?

Шиеленісті күшейткен факторлардың бірі – Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Украинаға қолдау білдіруі болды. Бұл мәлімдеме Ресеймен қарым-қатынасқа қалай әсер етуі мүмкін? Бакудің бұл ұстанымы екі ел арасындағы байланысты одан әрі нашарлатуы мүмкін бе? Ресми Мәскеудің реакциясы қандай болды?

Зангезур дәлізі: геосаяси мүдделер тоғысы

Сұхбат барысында Зангезур дәлізі тақырыбы да қозғалды. Бұл – Әзербайжанды Нахичеваньмен Армения аумағы арқылы байланыстыратын стратегиялық бағыт. Аталған жобаға әлемдік державалар ерекше қызығушылық танытып отыр. Неліктен АҚШ, Қытай және Түркия бұл бағытты жіті бақылап отыр? Олардың бұл аймақтағы мүддесі қандай? 

Түркияның рөлі қандай?

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ильхам Әлиевке ашық қолдау білдіруде. Бұл – Анкара мен Бакудің тығыз одақтастығын көрсетеді. Ал, Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасында арағайындық таныта ма? Әлде Түркия бұл жағдайды Оңтүстік Кавказдағы ықпалын күшейту үшін пайдалана ма?

Қазақстан үшін қандай қауіптер бар? 

Жалғыз біздің ел емес, Орта Азия үшін қандай кері әсері болуы мүмкін? Баку мен Мәскеу арасындағы қақтығыста түркі мемлекеттерінің позициясы қандай болуы қажет?

Талқыладық. Талдадық.

Міндетті түрде сұхбатты көріңіз! 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз