Қоғам

Ауыр алқа тағып МРТ бөлмесіне кірген ер адам көз жұмды

17:32, 22 шілде 2025 24

АҚШ-тағы Лонг-Айленд аралында 61 жастағы ер адам МРТ (магнитті-резонанстық томография) аппаратына тартылып, көз жұмды. Оқиға Нью-Йорк штатындағы Уэстбери қаласындағы Nassau Open MRI медициналық орталығында болған, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Нассау округінің полициясының мәліметінше, ер адам құрылғы жұмыс істеп тұрған сәтте МРТ бөлмесіне өз еркімен кіріп кеткен. Оның мойнында салмағы 9 келі тартатын ауыр металл алқа болған.

Марқұмның жұбайы Эдриенн Джонс-Макаллистердің айтуынша, күйеуін кабинетке өзі шақырған. Өйткені оған тізесіне жасалған МРТ тексерісінен кейін көмектесу қажет болған. Алайда магниттік өріс металл алқаны тартып, ер адамды құрылғының ішіне тартып әкеткен.

Ол маған қол бұлғады, содан кейін денесі босап, талықсып қалды, - дейді әйелі.

Дәрігерлер оқиға медициналық төтенше жағдайға әкелгенін, артынша ер адамның көз жұмғанын хабарлады. Полиция бұл жайтты тергеп жатыр.

Мамандар MRI құрылғыларының өте қуатты магнит өрісімен жұмыс істейтінін және оған кірер алдында барлық металл заттарды шешіп тастау қажеттігін ескертеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз