Қоғам

Аурудан емес, емдеушіден қауіп бар ма? Клиникалардың заңсыз әрекеті әшкереленді

10:54, 13 наурыз 2025 21

Әлеуметтік медиц налық сақтандыру қоры медициналық қызметтердің сапасына жоспардан тыс мониторинг жүргізіп, 200-ден аса ұйымның заңбұзушылығын анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.  

Жоғары аудиторлық палата баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында МӘМС және ТМККК жүйесіне қатысатын денсаулық сақтау субъектілерінің өндірістік базалары тексеріліп, олардың рұқсат беру құжаттарына, шарт талаптарына, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі бағаланған. 
 
Нәтижесінде 1,4 мың тексерілген медицина ұйымының 238-інде түрлі заңбұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде: рұқсат беру құжаттарының болмауы, бір өндірістік базада бірнеше клиниканың орналасуы, медицина қызметкерлерінің жарамды сертификаттарының болмауы және тағы басқасы, – делінген хабарламада.

- 61 денсаулық сақтау субъектісіне айыппұл салынды. 
- 10 медицина ұйымымен шартты бұзу процесі басталды.

Сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне 116 хабарлама жіберілді.

Бұдан бөлек, ӘМСҚ осындай тексерулерді жүргізу және деректерді тиісті органдарға беру бойынша бірыңғай алгоритм әзірледі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз