Қоғам

Атыраудағы кісі өлімі: қаза тапқан зейнеткерлердің қызы да күдікті деп танылды

15:46, 25 ақпан 2026 15

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында Атырау облысында жоғалған отбасы ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ баспасөз қызметі Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында Атырау облысында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін хабар-ошарсыз кеткені үшін халықаралық іздеуге жарияланған оның бұрынғы жұбайының да табылғаны белгілі болды.

Санжар Әділовтің айтуынша, күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қазіргі таңда шешіліп жатыр.

«Оларды Қазақстан Республикасына қайтару мәселесі пысықталуда. Жұбайлардың екеуі де күдікті ретінде танылып отыр. Ал із-түссіз жоғалып кеткен екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Атырау облысында арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – деді министрдің орынбасары.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз