Аймақ

Атырауда бассейнге түскен 15-ке тарта адам уланып қалды

10:24, 14 шілде 2025 65

Демалыс күні Атыраудағы бассейндердің бірінде адамдар жаппай уланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, медициналық көмекке 14 адам жүгінген. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылған.

Қазір медициналық мекемедегі науқастардың жағдайы тұрақты. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді, су мен ауа үлгілері алынды. Хлор буы мөлшерінің артуы анықталған жоқ, зертханалық тексерулер жалғасып жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр, - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша зардап шеккендер денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынды.

Өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктерге тексеру жүргізу тапсырылды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз