Атырауда егде жастағы ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 16 наурызда шамамен сағат 03:30-да болған.
"Оқиға тұрмыстық жанжал салдарынан болған. 58 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ретінде 62 жастағы ер адам ұсталды", - деп хабарлайды полиция.
"Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.