Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи және су ресурстарын сақтау мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Президент табиғи ресурстарды, әсіресе, суды үнемдеу мәдениетіне келсек, ол жағынан үлкен кемшілік бар екенін мойындауымыз қажет екенін айтты.
"Яғни, атқарылатын жұмыс шаш етектен. Бұл – азаматтардың, әсіресе жастардың арасындағы түсіндіру шараларының, тіпті идеология жұмысының жеке бір бағыты", - деді Президент.
Президенттің айтуынша, біз қазірдің өзінде судың тапшылығын сезініп отырмыз. Ал, оны тұтыну мәдениеті төмен.