Журналист Руслан Өтепбай өзінің Instagram-дағы парақшасында елді дүрліктірген оқиғаға қатысты видео жариялады.
Журналист марқұм Айзаттың ата-енесі мен туыстарынан сұхбат алған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"Күдіктінің әкесінен сұхбат алдым. Оның айтуынша "атпен сүйреп өлтірді" деген жалған сөз дейді.
Қылмыс орын алған күні Айзаттың ата-енесі басқа қалада болған. Үйде ерлі-зайыпты екі жасар қызбен қалған екен", – деп жазды Руслан Өтепбай.