$ 460.8
 541.21
 6.13

Атом энергиясы жөніндегі агенттікті кім басқарады? Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды

Редактор
18.03.2025, 20:15
Фото: depositphotos.com/TTstudio
Фото: depositphotos.com/TTstudio
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасын тағайындады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.  

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысы барысында президент жанынан Ядролық энергетика агенттігі құрылатынын айтқан болатын.