Қоғам

«Асылып өлгеніне сенбейміз»: марқұм сарбаздың туыстары Тоқаевқа үндеу жасады

14:25, 18 қыркүйек 2025 44

Алматы облысы Мәттібұлақ ауданындағы 01098 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүріп, көз жұмған марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаева бауыры Дінмұхамед өз-өзіне қол жұмсады дегеніне сенбейтіні мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Былтыр менің інім Даниял Шынарбек әскерге кетті. Биыл көктемде оның егізі Дінмұхамед Шынарбек те сыңарымен бірге Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге барып, Отарда қызмет еткісі келді. Екеуі бір әскери бөлімде жүрді. Алайда, Ант қабылдағаннан кейін Дінмұхамедті Мәттібұлаққа ауыстырып жіберді. Оны сыңарынан бөліп әкетті. Бірақ, егіздерді ажыратуға болмайды. Дәл осы Мәттібұлақта бауырым көз жұмды», - дейді ол.

Марқұмның отбасы қаралы хабарды 17 қыркүйек күні естігенін айтты.

«29 тамыз күні бауырларым 19 жасқа толды. Ол өте мейірімді әрі еңбекқор еді. Қайғыдан қан жұтқан біз ініміздің асылып өлгеніне сенбейміз. Бүкіл отбасымызбен бірге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, осы істі жеке бақылауына алуын өтінеміз. Бейбіт күнде бауырымыздан айырылып қалдық», - деп жазған ол.

Құрлық әскері марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, көмек береміз деген.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз