Астанада волонтер зорлық жасады деген күдікке ілінді

Редактор
15.03.2026, 10:35
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Астанада волонтерге қатысты "Зорлау" бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Зорлық жасалды деген жәбірленуші - 2008 жылғы бозбала. Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады.

Екі адам күдікті ретінде ұсталды, бірі - "Асар Астана" іздестіру-құтқару жасағының волонтері.

"Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.