Астанада тағы бір тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Осы сәтте ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласының Сарайшық ауданындағы Тәуелсіздік көшесіндегі орналасқан тұрғын үйде өртті сөндіріп жатыр.
Белгілі болғандай, 5-12 қабаттағы кабельді шахтада өрт шыққан.
Тұрғындар өз бетінше эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.