Қоғам

Астанада сауда үйі өртенді

11:02, 08 мамыр 2025 81

Астанада «Шапағат» сауда үйі өртеніп жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сарыарқа ауданындағы Мәскеу көшесінде орналасқан сауда үйінде өрт шыққан. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

ТЖМ құтқарушылары эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер бойынша 112 нөміріне ақпарат түскен жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз