Астанада құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды bairaqmaedia.kz
Оқыс оқиға Тұрар Рысқұлов көшесі 18/5 үй мекенжайында орналасқан «Абырой» тұрғын үй кешені аумағында болған. Апатқа қатты желдің себеп болғаны айтылуда. Оқиға орнын желідегі парақшалардың бірі жариялады.
Кейін салынып жатқан тұрғын үй кешені мен кранның BI Group компаниясына тиесілі екенідігі анықталды.
Кран техникалық жағынан дұрыс күйде болды және барлық техника сияқты жұмыс басталғанға дейін міндетті тексеруден өтті. Оқиға болған кезде кран операторы жұмысты аяқтап, жұмыс күні аяқталуға жақын болды. Өкінішке қарай, кранның құлауы салдарынан бір адам қаза болды. Төтенше жағдай қызметтерінің дауыл туралы ескертуі оқиға болғаннан кейін ғана келді. Біз қаза болған адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, — делінген компания таратқан хабарламада.
Құрылыс компаниясы қаза тапқан краншының отбасына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.