Бүгін таңертең Астанадағы Министрліктер үйіне от қоймақ болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шамамен сағат 08:00-де Оқу-ағарту министрлігі орналасқан №11 кіреберісте белгісіз адам турникет жаққа тұтанғыш қоспаны лақтырған.
«Оқиға салдарынан өрт шықты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері отты жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, келтірілген шығын нақтылануда», — деп хабарлады полициядан.
Кейін 24 жастағы азамат ұсталып, қасақана өртеу ісі бойынша күдікті ретінде қамауға алынды.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деді Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.
Министрлік ғимараты қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Күдіктінің әрекетіне не түрткі болғаны анықталуда.