$ 447.85
 513.46
 5.31

Астанада көлік Есілге түсіп кетті: ішінде екі адам болған (ВИДЕО)

Редактор
23.09.2026, 11:52
видеодан скрин
видеодан скрин
Көлік иесі жедел әрі кәсіби көмек көрсеткен құтқарушыларға алғысын білдірді

Астананың Сарайшық ауданында жеңіл автокөлік Есіл өзенінің арнасына түсіп кетті. Жүргізуші мен жолаушы көліктен өздігінен шығып үлгерген, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Елорда Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, оқиғаға көліктің электронды жүйесіндегі ақау себеп болған. Соның салдарынан автомобиль өзен арнасына қарай жүріп кеткен.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының мамандары шақырылды. Сүңгуірлер алдымен су астындағы жағдайды тексеріп, кейін арнайы кранның көмегімен көлікті өзеннен шығарды. Оқиға кезінде жүргізуші мен жолаушы автомобильден өз күштерімен шыққан. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Көлік иесі жедел әрі кәсіби көмек көрсеткен құтқарушыларға алғысын білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау