Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде (Моцарт-2 үйі) жантүршігерлік оқиға болды: жас жігіт сүйіктісін өлтіріп, інісін пышақтаған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 20:30 шамасында Қуанышбаев көшесі, 11/2 мекенжайындағы пәтерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті марқұмның бұрынғы жігіті болуы мүмкін.
Көршілердің айтуынша, пәтерден айқай-шу естілген. Кейін қыз пышақ жарақаттарымен табылған. Оқиға орнында күдікті кәмелетке толмаған інісіне де шабуыл жасап, жарақаттаған. Жасөспірім аулада ауыр халде табылып, дереу ауруханаға жеткізілді.
Күдікті оқиға орнында қыздың пәтерінде жасырынған. Полиция келген кезде 21 жастағы ер адам өз еркімен полицияға берілді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, – делінген полиция хабарламасында.