Астанада ер адам көпқабатты үйдің ашық терезесінің жақтауында отырған баланы құтқарып қалды. Көшеде өтіп бара жатқан азамат төмен құлап кеткелі тұрған сәбиді байқап қалып, еш ойланбастан, тар карниз арқылы жоғары көтерілген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ашық терезе алдында отырған бала масаға арналған торды итеріп жіберген. Сол сәтте ата-анасы үйде болған, бірақ балаға мән бермеген. Ал сырттан байқап қалған куәгерлер анасына хабарласа алмай жатқанда, өтіп бара жатқан азамат шұғыл қимылдап, баланы аман алып қалған.
Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 100-ден аса бүлдіршін терезеден құлады. Балалар шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенемін деп құлап кеткен.