Қоғам

Астанада ер адам бірге тұрған әйелді өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

11:23, 20 маусым 2025 16

Астанада ер адам бірге тұрған әйелді өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Кеше «Орбита» тұрғын үй кешенінде қайғылы жағдай болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам өзімен бірге тұратын 27 жастағы әйелге төрт рет пышақ сұғып, кейін 25 қабатты тұрғын үйден секіріп кеткен. Оқиға марқұмның балаларының көз алдында болған. Ал, ер адам автокөлік үстіне құлап, тірі қалған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Қайғылы оқиғаның себебі ретінде қаржылық келіспеушіліктер көрсетіліп отыр. Марқұмның артында 7 және 10 жастағы екі ұлы қалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу басталды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз